Дегельминттеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дегельминттеу , дегельминтизация [дe... және грек. helmіns (helmіnthos) – ішекқұрт, құрт] – адамның, жануарлардың организмінен және сыртқы ортадан (су, топырақ, тамақ өнімдері, т.б.) ішекқұрттарды жоюдың кешенді шаралар жиынтығы. «Дегельминттеу» терминін алғаш рет орыс ғалымы К.И. Скрябин (1878 – 1972) ұсынған (1925). Ішекқұрттардан арылған адам мен жануарлар сыртқы ортаға гельминттердің жұмыртқалары мен дернәсілдерін таратпайды. Қолдану мақсатына қарай дегельминттеу: лажсыз, сақтандыру мақсатындағы, әлсін-әлсін (преимагиналдық), диагноздық болып бөлінеді. Лажсыз дегельминттеу гельминтозға шалынған адам мен ауыл шаруашылығы малдарының ауруы өршіген кезде, оларды аман сақтап қалу үшін қолданылады. Сақтандыру мақсатындағы дегельминттеу гельминтоз ауруына қарсы ауыл шаруашылығы малдарын жаппай алдын ала, жоспарлы түрде, белгілі бір уақытта, гельминттердің биологиялық ерекшелігіне қарай көбінесе қыста жүргізіледі. Әлсін-әлсін дегельминттеу мал организміндегі құрттың даму сатысына байланысты олардың жыныс бездері жетілмеген кезде жүргізілетіндіктен, мал нәжісімен бірге сыртқы ортаға ішекқұрттардың жұмыртқасы, дернәсілдері таралмайды. Диагноздық дегельминттеу құрттың бар-жоғын анықтау үшін жүргізіледі. Малды ішқұрт ауруларынан сақтандыру үшін қорада ұстап бағады, мал жайылмаған жерден шабылған шөппен қоректендіреді, ауру малдың орнын, құрал-сайманды, садыраны, мал өнімдерін, т.б. ыстық бумен, қайнаған сумен аптайды. Мал жайылымын жүйелі түрде ауыстырып отыру – ішқұрттардың дернәсілдерінен арылудың бірден-бір жолы. Сондай-ақ малдың қиы мен көңіндегі дернәсілдерден құтылу үшін оларды өздігінен шіритіндей етіп үйеді. Батпақтарды құрғатып, тыңайтқыш шашады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дегельминттеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}