Дебет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дебет (лат. debet – ол борышты) – бухгалтерлік есепшоттарының сол жақтағы бөлігі. Бухгалтердің есеп шоттарында шаруашылық операциялары екі қайтара жазу тәсілімен тіркеледі‚ бұл орайда олардың әрқайсысының сомасы бір мезгілде екі шот бойынша – бірінің дебеті‚ екіншісінің кредиті бойынша жазылады. Актив шоттарда дебет бойынша басқа кәсіпорындар мен жекелеген тұлғалардың осы кәсіпорынға берешегі‚ яғни дебиторлық берешек дейтін көрсетіледі. Дебеттік қалдық актив және актив-пассив шоттарда болады.<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 </ref>

Ақшаның, тауар-материалдық құндылықтардың‚ т.б. қозғалысының жай-күйін тіркеу үшін пайдаланылатын шоттардың дебетнде әр айдың басында осы құндылықтардың бар-жоғы және ай бойына келіп түсуі көрсетіледі. Қаражат көздерінің жай-күйін және түсуін тіркеуге пайдаланылатын шоттардың дебетінде осы көздердің азаюын туғызатын операциялар көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте әрбір операция екі рет: бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде жүргізіледі. Активте дебет көбеюді, ал пассивте – азаюды білдіреді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}