Даңмұрын Кенжебекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Даңмұрын Кенжебекұлы (1870 жылы, Жалағаш ауданы Аққошқар ауылы – 1923 жылы, Жалағаш ауданы Аламесек ауылы) – ақын. Жасында мұсылманша оқып, хат таныған. Егіншілікті кәсіп етіп, арық қаздырып, елдің отырықшылыққа бет бұруына ықпал жасаған. «Даңмұрын арығы» деп аталатын арық қазір де бар. Даңмұрын толғау, терме, арнау өлеңдер мен дастандар шығарған. Олардың негізгі тақырыбы – адамгершілік, әділдік, ел тағдыры. Даңмұрын ақындар айтыстарына да қатысқан. Оның Қаңлы Жүсіппен айтысы «Айтыс» кітабының екінші томына (1965) енген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}