Дақтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дақтау - ағаш шеберлердің, ұста, зергерлердің техникалық тәсілдерінің атауы. Ою-өрнек жүргізу, сызудан бұрын ою-өрнектің нобайын таңбалап, із, таңба салуды шеберлер дақтау, дақ салу, дақ түсіру деп атайды. Байырғы қолөнер шеберлері күміс, сүйек, ағаш бетіне ою жүргізуде, күміс қақтауда әшекейленетін бұйымның немесе оның бөлшегінің бетін дақтаудан бастаған. Дақтау түсірілген соң оның бойымен бізбілдік, бұрғуыздың, өткір біздің, түртпенің, пышақтың ұшымен оймалай отырып, ою-өрнек жүргізеді немесе күміс сымын қақтайтын сызықтың бойын тереңдетіп оймыштап шығады. Дақтау салынған жер кейде арнаулы шапқымен шабылып, кедір- бұдыр ойықтар түсіріледі, оны шұбарлау, бедерлеу дейді. Осындай жолмен өңделген дақталған жер күмісті қақтау және балғамен соғып жапсыру үшін қажет. Ал ою-өрнекті қадаубаспен түсіргенде дақтаудың қажеті болмауы да мүмкін, өйткені қадаубастың ұшында күміс бетіне өрнек түсіретін оюы, бедері болады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дақтау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}