Даянанда Сарасвати

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dayananda Saraswati.jpg
Даянанда Сарасвати

Свами Даянанда Сарасвати (महर्षि स्वामी दयानन्द सरस्वती; 12 ақпан 1824 ж., Танкара, Гуджарат — 31 қазан 1883 ж., Аджмер, Раджастхан) — үнді философ-теолог, индуизмның діни реформаторы.

1875 жылы Бомбейде "Арья самадж" (арийлер қоғамы) құрды, ол өзіне "Ведтерге қайтып оралу" - Арийлердің көне дінін жаңғырту мақсатын қойды. Даянанда пұтқа табынушылыққа, көп құдайлыққа, абыздардың зорлығына, дінге сенушілікке, керітартпа әдет-ғұрыпқа және т. б. қарсы шығып, Индуизмді орта ғасырлық қоспалардан "тазартуға" ұмтылды. Даянанда бойында діни реформаторлық пен ағартушылық идеялармен таңқаларлықтай ұштасып жатты. Ол жалпыға бірдей жаратылыстану білімін беру қажет екенін қорғай отырып ғылыми нәтижелерін вед ережелерінің дамуы етіп көрсетуге тырысты. Философияда Даянанда Матхваның двайта-веданталарының ізбасары ретінде көрініп, соңғысының ережелері негізінде ежелгі 6 ортодокстік философиялық жүйенің бәрін бітістіруге ұмтылды. Үндістанның тәуелсіз ұлттық дамуын жақтаған пікірлер айтты.<ref>Философиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер