Дахшлейгер Григорий Феодорович
Дахшлейгер Григорий Феодорович (2 қыркүйек 1919 ж., Украина, Одесса қаласы – 1 тамыз 1983 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1972). Одесса мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1941). Аягөздегі (Шығыс Қазақстан облысы) орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1942–45). 1950–83 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнологиялық институтында ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Ғылыми-зерттулік жұмыстары XX ғасырдың 1-жартысындағы Қазақстан ауылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстан тарихының тарихнамасы, тың игеру мәселелеріне арналған. «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921–1929)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы (1979) және Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының (1982) лауреаты. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>