Дауыл әңгімесі
«Дауыл» - жазушының тұңғыш әңгімесі. Қолжазба күйінде қалған. Түпнұсқасы сақталмаған, ешқандай баспасөз бетіндежарық көрмеген. Әңгімені Семейдегі бес сыныптық училищеде оқып жүрген кезінде жазған. Әдебиет пәнінің мұғаліміне еркін тақырыпқа жазылған шығарманың орнына ұсынған. Тақырыбы «Менің өмірімде болған бір оқиға» деп аталады. Шағын суреттеме орыс тілінде жазылыпты. Әңгіменің қысқаша мазмұны мынадай: Жаз. Жайлау. Ауыл. Мәре-сәре болып дуылдасқан ауыл адамдары. Бала-шағалар да мәз-мәйрам. Кенет ауа тымырсықтанып, аспан демін ішіне тарта қалады. Батыстан қара бұлт түйіліп келіп, оқыстан дүрілдете соққан дауыл ауылдың астан- кестенін шығарады. Киіз үйлерді жел ұшырып әкетеді. Қазан-ошақтар төңкеріліп, айнала тып-типыл болады. Улаған-шулаған ел. Жылаған бапа. Маһңраған қозы, мөңіреген бұзау, айғайлаған кемпір-шалдардың дауысы. Азан-қазаны шыққан ауылдың арпалысы дауылмен қоса басыла қалады. Тып-тыныш. Ешкімнің үні естілмейді. Әр жерде шашылған заттар. Бұтаның бастарына ілініп қапған әйелдердің жаулықтары. Аударылған киіз үйлер. Бос қалған көгендер. Әр жерде әркімдер өздерінің дауыл шашып кеткен заттарын жиып жүр. Ешкім де сөйлемейді. Бұл тырнақалды шығарма жазушының болашақтағы «Қыр әңгімелері» мен «Қыр суреттеріндегі» табиғат көріністерін еске түсіреді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>