Дастарқан жаю
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Дастарқан жаю.jpeg
Дәстүрлі дастарқан жаю
Дастарқан жаю (орыс.сервировка стола)<ref>Приглашение к обеду. Перевод с английского. Москва - 2000г. ISBN 5-322-00016-X (рус.), ISBN 0-86411-328-5 (ағылш.)</ref> — үстелді таңертеңгі, түскі, кешкі және мерекелік асқа дайындау барысында ыдыс-аяқтардың, құрал-аспаптардың, мата майлықтардың орынды қойылуы.
Мазмұны
Негізгі талаптар
- Дастарқан жаюда қойылатын негізгі талаптар:
- тамақтану түріне сәйкес болуы (таңертеңгілік ас, бизнес-ланч, түскі немесе кешкі ас);
- эстетикалық бағытта болуы (тәрелкелер мен дастарқанның бір-біріне сай болуы);
- дастарқанға қойылатын заттардың залдың интерьеріне сай болуы.
- дастарқан құрал-жабдықтарының орналасу тәртібінің сақталуы;
- Дастарқан жаюдың реттілігі:
- үстелдің бетіне дастарқан төсеу;
- тәрелкелерді қою;
- құрал-аспаптарды қою;
- шыны ыдыстарды қою;
- майлықтармен сәндеу;
- дәмдеуіштерге арналған құралды қою;
- құмырамен гүл қою.
Тамақтану мезгілі бойынша дастарқан жаю
Таңертеңгілік ас дастарқаны
- Таңертеңгілік ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
- үстел шетінен 5—10 см қашықтықта негізгі тәрелке;
- сол жағынан дөңес жағын төмен қаратып шанышқы (қуырылған жұмыртқа болғанда) немесе дөңес жағымен төмен қарай қасық (ботқа болған жағдайда):
- тәрелкенің оң жағынан жүзін ішке қаратып пышақ;
- негізгі тәрелкенің оң жағынын қиғаштай шай ыдысы қасықпен;
- негізгі тәрелкенің сол жағынан нан, тоқаш немесе майға арналған қосымша тәрелке (майға жеке пышақ тәрелкенің шетіне қойылады).
Түскі ас дастарқаны
Сурет:Үш астан тұратын түскі ас дастарқаны.jpg
Үш астан тұратын түскі ас дастарқаны
Сурет:Дастарқан жаю4.jpg
Көжеден және негізгі ыстық тағамнан тұратын түскі ас дастарқаны.
Сурет:Дастарқан жаю5.jpg
Салқын тағамнан(закуска), ыстық тағамнан және десерттен тұратын түскі ас дастарқаны.
Сурет:Дастарқан жаю6.jpg
Десертке арналған дастарқан
- Түскі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
- көлемі кішірек жалпақ тәрелке оның үстіне көжеге арналған шұңғыл тәрелке;
- тәрелкенің оң жағынан пышақ, қасық және шанышқы;
- тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан;
- негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал;
- негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасына ;
- бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар;
- Көже ішілген соң шұңғыл тәрелкелер жиналып, босаған жалпақ тәрелкеге негізгі ыстық тағам салынады.
Кешкі ас дастарқаны
Кешкі асқа арналған үстелдің бетін түрлі-түсті дастарқанмен жабуға болады. Кешкі астың жабдықтарының түскі астан айырмашылығы шұңғыл тәрелкелердің болмауы.
- Кешкі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
- көлемі кішірек жалпақ тәрелке;
- тәрелкенің оң жағынан пышақ, шанышқы;
- тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан;
- негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал;
- негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасында ;
- бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар;
- Печенье салынған және тосап құйылған ыдыстардың, тосап салып алатын розеткалардың, лимон салған тәркелердің орны - үстелдің орта тұсы.
- Шай ыдыстары мен ақ құман шай құюшының жанында болады.
Мерекелік дастарқан жасау
- Мерекелік немесе кешкі қонақасыға арналған үстелдің үсті ақ дастарқанмен жабылады.
- Үстел үстіне гүл (аласа әрі кең құмыраға салынып) қойылады.
- Үстелдік орта тұсында жеміс салынған ыдыс, сауыттағы бұрыш, қыша, сірке суы, тұз қойылады.
- Салқын тағамдар ортаға жақын жерге, нан салынған ыдыстар үстелдің әр бұрышына орналасады.
- Әр түрлі сусындар үстелдің ұзынынан жарма ортасын бойлай тұрады.
- Үстел бетіне арақашықтығы бірдей етіп негізгі тәрелкелер қойылады.
- Кішкене тәрелкенің үстінен салқын тағамға (немесе басытқы (закуска) арналған ыдыс, оның сол жағынан майға пісірілген тағамға арналған ыдыс орын алады.
- Пышақ, қасық, шанышқылардың орналасуы күнделікті тәртіппен қойылады.
- Ерекше салтанат кезіндегі дастарқанды жасағанда әдеттегі асхана ыдыс-аяғына салқын тағам мен балық салатын ыдыстар қосылады, асханалық шанышқылардың жанына балық пен салқын тағам үшін бөлек пышақ қойылады.
- Сусынға арналған бокал немес фужерлердің орны - тәрелкенің тұсы.
- Десертке арналған құралдарды сусын ыдыстарынан кейін орналастырады.
- Десерттік пышақ, қасық, шанышқыларды десерттік тәрелкелермен бірге береді.
Сурет:Асханалық құрал жабдықтарды дастарқанға қою тәртібі.jpg
Асханалық құрал жабдықтарды дастарқанға қою тәртібі: 1-негізгі тәрелке, 2-көжеге немесе ыстық тағамға арналған тәрелке, 3-салатқа арналған пышақ, 4-етке арналған пышақ, 5-балыққа арналған пышақ, 6-көжеге арналған қасық, 7-теңіз өнімдеріне арналған шанышқы, 8-шай/кофе ыдысы, 9-шарапқа арналған бокал, 10-суға арналған стақан, 11-салатқа арналған шанышқы, 12-етке арналған шанышқы, 13-балыққа арналған шанышқы, 14-нанға арналған тәрелке, 15-май жағуға арналған пышақ, 16-шайға/кофеге арналған қасық, 17-десертке арналған шанышқы.
Майлықтарды сәндеу
Дастарқан жаю түрлері
Сурет:Buffet-1.jpg
Фуршеттік дастарқан
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>
Дереккөздер
<references/>
- "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1