Дарқан
Дарқан - темір ұстасының көне атауы; шебер, темірші. Оны темірші қара ұста деп те атаған. Қара ұста немесе дарқандар темір, мыс, жез сияқты металдарды өңдеп, қару-жарақ, сауыт-сайман, тұрмыстық бұйымдар жасаған. Дарқан сөзі түркі-моңғол халықтарының көпшілігінің сөздік қорында сақталған. Қару-жарақ соғушы дарқандар ел арасында үлкен құрметке ие болып, өнері жоғары бағаланып, әлеуметтік жағынан бірсыпыра артықшылықтарға ие болған. Қазіргі қазақ тілінде бұл сөздің емін-еркін, кең, илексіз, жомарт, молшылық сияқты мағыналарда қолданылатындығы белгілі. Дарқан сөзінің бұрынғы ұста мағынасы көмескіленіп, жаңа ұғымдарға негіз болып қалыптасқан.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>