Дарға асу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дарға асу - Орта ғасырлық мемлекеттердің билік жүйесінде жиі кездескен жазалау түрі, адамды қан шығармай асып өлтіру. Этномәдени байланыс барысында Орта Азия халықтары мен мұсылман әлеміндегі бұл ауыр жаза туралы мәліметтер қазақы ортаға ауыз әдебиет үлгілерімен таралған. Дар ағашы туралы шығыстық ертегі, дастандарда көп айтылады. Дәстүрлі қазақ қоғамында жазалаудың мұндай түрі қолданылғандығы туралы дерек жоқ. Алайда қазақ коғамында дарға асудың өзіндік көшпелілік тәсілі болды. Кунсткамера қорындағы салынған суретке қарағанда, жиналған көпшіліктің алдында екі түйені жерге шөгеріп, түйелерге бірнеше ұзын сырықтарды буып, оған кінәліні мойнынан іле асып, түйені тұрғызған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дарға асу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}