Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Дарын орталығы.jpg
«Дарын» орталығының логотипі

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы - Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, олардың потенциалдық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасауды мақсат ететін орталық.

Міндеттері:

  • әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өз шығармашылық әлеуетін іске асыруға қабілетті дарынды балалар санын арттыру;
  • дарынды балаларды әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
  • дарындылықты дамыту мәселесі бойынша педагогикалық және басшы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай туғызу;
  • дарынды балалар мен талантты жастарға білім беру кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • дарынды балалармен жұмыс бағыттарын бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы кеңінен тарату жүйесін жетілдіру.

Тарихы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы 1996 жылғы Президент Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 шешімі негізінде құрылған. <ref>Үлгі:Cite web</ref>

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы – бұл:

• Дарынды балаларға арналған 4 республикалық және 54 облыстық арнайы мектеп-интернаттар, 23 қазақ-түрік лицейлері;

• 6 аймақтық орталықтар;

• 6 тәжірибелік мектептер мен ауқымдар;

• жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасы;

• оқушылардың республикалық ғылыми жоба жарыстары;

• республикалық олимпиадалық резерв мектебі

• жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» республикалық сырттай оқу мектебі;

• «Дарын» бағдарлы ауысым мектебі (олимпиадалық, гуманитарлық, жаратылыстану-маетматикалық, мәдени-танымдық, шығармашылық, жазғы – 6 бағытта жұмыс істейді);

• «Интеллектуал», «Кішкентай білгірлер» қосымша білім беру мектептері, «Жас ғалым» ғылыми мектебі;

• мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындау:

- семинарлар;

- конкурстар;

- халықаралық конференциялар;

- дарынды балалармен жұмыс істеудің әлеуметтік инновациялық жобалар фестивалі өткізіледі.

• дарындылық психологиясы және педагогикасы аумағындағы ғылыми зерттеулер жүргізу (ҚР ҰҒА фундаменталдық зерттеулер бағдарламасы бойынша).

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама