Дархан Серікұлы Балпанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дархан Серікұлы Балпанов 1977 жылы 17 сәуірде Қарағанды облысы Ульянов ауданының Үміткер ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Балпанов Серік Бақышулы (1953 жылы туған), Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің 1-ші қазақ ОМ директоры. Анасы - Арыстанбекова Салтанат Әйткенқызы (1953 жылы туған), Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімі аппаратында Құжатнамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетін (1998) химик, химия пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Қазтұтынуодақ Қарағанды экономикалық университетінің заң факультетін (2006) заң ғылымының бакалавры дәрежесімен бітірген. Химия ғылымдарының кандидаты (2002). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «2-метилпиразин мен пиразин-2-карбон қышқылы аминінің синтезі». Референттелген журналдардағы, жақын шетелдің ұлттық басылымдарындағы 30-дан астам мақаланың авторы;

  • «Анабазин мен никотиннің химиялық трансформациялары» (2004),
  • «Fusarium микотоксиндері» (2004),
  • «Оксидті ушкомпонентті катализаторлардағы 2-метилпиразин синтезі» (2005),
  • «Fusarium микотоксиндерін талдау, бөлу және детоксикациялау әдістері» (2005),
  • «Биотурин - қабыршаққанатты жәндіктермен куресуге арналған жаңа аспорогендік препарат» (2008) ғылыми

жарияланымдарының тең авторы. «2-метилпиразин синтезінің катализаторы» ҚР пантентіне, 2 ҚР алдын ала берілетін патентіне ие.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.1998 жылдан - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Фитохимия институты» РКМК 2-ші дәрежелі зертханашысы, 2-ші дәрежелі инженері, 2000 жылдан - кіші ғылыми қызметкері ғылыми қызметкері. 2003 жылдан - ҚР Білім және ғылыми министрлігі «Фитохимия институты» РКМК бас хылыми хатшысы. 2006 жылдың маусым айынан - ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» РМГ Ғылым департаментінің директоры. 2006 жылдың тамыз айынан бері - «Биомедпрепарат Ғылыми-талдау орталығы» ЖШС директоры. Ресей Ғылым академиясы жанындағы «Ғылыми әріптестік" қорының күміс медалімен марапатталған (2002). ҚР жас көрнекті ғалымдарына тағайындалатын Мемлекеттік сыйлықтың стипендиаты (2004-2006).

  • Діни көзқарасы - мұсылман.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Р. Кастро, Қ.И. Сәтбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экспортқа бағытталған өнім өндірістерін ұйымдастыруға, сыбыйлас жемқорлықты жоюға бағытталған елдің шынайы индустрияландырылуының, демографиялық құрамдаушының жақсаруының, сапалы жаппай білім берудің есебінен оптимистік болжам».
  • Хоббиі - футбол, кітап оқу, ән айту.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - Л.Н. Толстой, М. Әуезов.
  • Үйленген.Жұбайы-Жөнелбекова Наталья Орынбасарқызы (1976 жылы туған), ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Информатика белімінің бас маманы. Ұлы - Серіков Батыр Дарханұлы (2003 жылы туған), қыздары - Серікова Әлия Дарханқызы (2008 жылы туған), Серікова Әдия Дарханқызы (2010 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала