Дархан Аманұлы Кәлетаев
Дархан Аманұлы Кәлетаев - (14 қазан күні 1972 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кенті) – тарихшы, саясаттану ғылымдарының докторы (2008)<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>.
Өмірбаяны
14 қазан 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған.
Білімі
1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.
1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.
«Социально-политическая консолидация казахстанского народа» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жастар өмірі және олардың саяси-әлеуметтік мәселелері жайында жазылған кітаптардың (мысалы, «Молодеж Казахстана на пороге ХХІ века», 2000; «Возмемся за руки, друзья!», 2001; телеавт.) авторы.
Қызмет жолы
1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің жетекші маманы, 1 санаттағы маман;
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман;
05.1997 - 11.1997 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру Департаментінің басқарма басшысының орынбасары, Алматы;
11.1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті Жастар саясат бөлімінің басшысы, Астана ;
2001-02.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары, Астана;
02.2002-11.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар ісі жөнінде департаментінің басшысы, Астана
11.2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат секторының меңгерушісі, Бөлім басшысы, Астана
2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат Басқармасы әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі, Астана
2006-12.01.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Астана
12.01.2007-13.10.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары <ref>[Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Д.А.Кәлетаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы»]</ref>,<ref>[Указ Президента Республики Казахстан от 13 қазан 2008 года № 672 «О Калетаеве Д.А.»] ,</ref>
13.10.2008-19.11.2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары <ref>Глава государства произвел ряд кадровых назначений</ref> және ҚР Президентінің кеңесшісі;
11.2009 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры
Марапаттары
- «Құрмет» ордені
- «Астанаға 10 жыл» медалі<ref>Президент РК наградил руководителей госорганов юбилейной медалью, приуроченной к 10-летию Астаны</ref>
Еңбектері
- Автор книг «Молодёжь Казахстана на пороге 21 века» (2000, в соавторстве),
- «Возьмёмся за руки друзья!» (2001, в соавторстве),
- «Государственная молодежная политика Республики Казахстан (2001, в соавт.),
- «Молодёжь и военно-патриотическое воспитание» (2001, в соавт.),
- «Организация работы центров молодёжных инициатив во внутренних войсках МВД РК» (2003, в соавт.),
- «Молодёжь Казахстана в условиях демократизации общественных и демократических отношений» (2004, в соавт.),
- «Формирование единства казахстанского народа как важнейшая проблема политической науки» (2007),
- «Социально-политическая консолидация казахстанского народа: особенности и проблемы» (2007),
- «Казахстан-страна, устремлённая в будущее.
- Фактор национального лидера» (2009),
- «Модернизация на постсоветском пространстве: фактор национального лидерства» (2010)
Дереккөздер
<references/>