Даррен Хейз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:МузыкантДаррен Хейз (Darren Hayes; 8 мамыр 1972 жылы, Аустралияда, Брисбен қаласында туған) - заманауи поп-әнші, сазгер. Savage Garden тобының (дуэтының) қатысушысы.

Жас кезі

Ата - анасының үш балаларының арасында кенже ұлы еді. Жас кезінен әнмен, сазбен айналысуға бастады. Mabel Park High School мектебінде білім алған. 1989 жылы оқу бітіргенше мектеп концерттерінде қатысқан. Квинсленд университетіне түсіп, ән-саз шығармашылық академиясына бара алмай қалды. Ақырында, ән-саз саласында мансап үшін, жоғару оқу орынында білім алуын тоқтады.

Ән-саз саласындағы карьера

1993–2001: Savage Garden

1993 жылы Дэниел Джонсмен кездесті. Дэниел Джонс топ жетекшісі бола алатын дарынды әншіні іздеймін деп жергілікті газетаға жарнама берген. Кездескен соң, олар екеу Savage Garden атты топты құрды. 1994 жылы жоба іске асырылды. 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы олимпиялық ойындарының жабылу ресми салтанатында Savage Garden өз әнімен сахнаға шықты. Топ 2001 жылы қазан айында жоқ болды.

2002 жылынан бері

2002 жылынан бері Даррен Хейз жалғыз ән айтып жүр. Оның Spin деген алғашқы күйтабағы 2002 жылы наурыз айында Аустралияда жарық көрді. Одан бері осы уақытқа шейін әншінің 4 күйтабағы шықты. Spin күйтабағындағы "Insatiable", "Strange Relationship" дүниежүзінде өз кезінде әйгілі заманауи ән болып, әншіге атақ әкелді.

Күйтабақтар

  • 2002: Spin
  • 2004: The Tension and the Spark
  • 2007: This Delicate Thing We've Made
  • 2011: Secret Codes and Battleships