Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Саясаткер Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева — қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

Өмірбаяны

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7.5.1963, Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған) – тарих ғылымдарының кандидаты (1991), саясаттану ғылымдарының докторы (1998). ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті (1992). «Хабар» телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті (1994–2001), 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, «Асар» партиясының төрайымы (2003–06) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы.<ref name="Source 5">Демократизация политических систем стран СНГ: опыт, проблемы, приоритеты</ref>«Демократизация политических систем стран СНГ: опыт, проблемы, приоритеты» («ТМД елдерінің саяси жүйелерін демократияландыру: тәжірибе, проблемалар, басымдылықтары») деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. «Парасат» (2004), Өнер және әдебиет (2009, Франция) ордендерімен марапатталған.

1963 ж. 7 мамырда дүниеге келген.

Білімі жоғары. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, аздап неміс тілін меңгерген.

Михайл Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған.

1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 ж. Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен. 1991 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.

1992 ж. — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті.

1994 ж. — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.

1995 ж. — «„Хабар“ агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

1998 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ президенті.

2001 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.

2003 ж. — «Асар» партиясының лидері.

20062007 жж. — «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары.

20042007 жж. «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланған.

2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты.

2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің Төрайымы.

2015 жылдың 11 қыркүйегінен - Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары

Қоғамдық қызметі

Телевизия өнерлері мен ғылымдар халықаралық академиясы (Нью-Йорк, АҚШ) басқармасының мүшесі, Еуразия экономикалық халықаралық академиясының мүшесі, Стратегиялық зерттеу Еуразия орталығының президенті.

Әр уақытта қоғамдық мансаптары болған: ҚР ЮНЕСКО жайындағы ұлттық коммисиясының мүшесі, «Қазақстан жарнамасы» қорының президенті, ҚР гимнастика федерациясының құрметті президенті, Қазақстан журналистері конгрессі атқару комитетінің төрайымы, Журналистер академиясы мүшесі, «Жастар қалауы» ұйымы қамқорлық кеңесінің төрайымы.

Үйлік жағдайы

Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев, анасы — Сара Назарбаева. Бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтен үш балаcы бар: Нұрәлі Рахатұлы Әлиев , 1985 ж.т., Айсұлтан Рахатұлы Назарбаев, 1990 ж.т.; Венера Рахатқызы Әлиева, 2000 ж.т. тапқан.<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2016 жыл 6 мамыр)