Дарагүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Дарагүл (Үлгі:Lang-la) – алмұртшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Өсетін жері мен таралуы

Қазақстанда Көкшетау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларының қылқан жапырақты, қарағайлы және қайыңды ормандарында өседі. Оның бір ғана түрі – бір гүлді Дарагүл (Moneses unіflora) бар.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 3-17 см, жіп тәрізді жіңішке тамырсабағы топыраққа төселіп көлбей жатады.
  • Сабағы тік, жапырақ пішіндері сопақша, тақтасының (алақанының) ұзындығы 8- 22 мм.
  • Ұзын сағақты ірі жапырақтары сабақтың түп жағына үш-үштен топталып орналасады.
  • Сабағының ұшында жалғыз гүлі болады, ол 5 тостағанша, 5 күлте жапырақшадан, 10 аталық, 1 аналықтан тұрады. Гүлдеген кезде күлтесінің қалыңдау келген түп жағынан көп мөлшерде шірне бөлінеді.
  • Маусымда гүлдеп, шілдеде жемісі пісіп жетіледі. Жемісі – 4-5 ұялы қауашақ, піскен кезде ұш жағынан жарылып, қақырап ашылады.
  • Тұқымы өте майда болады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дарагүл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}