Дания коммуналары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Map DK.svg
Дания картасындағы коммуналар.

Коммуналар (Үлгі:Lang-da) — Даниядағы ең төменгі әкімшілік-мемлекеттік бірлік.

2007 жылға дейін Дания 270 коммунаға бөлінген еді. 2007 жылдың 1 қаңтар күні өткен муниципалдық реформалардан кейін коммуналар саны 98-ге дейін қысқартылды. Сонымен бірге коммуналар-амттар және мемлекеттік құрылымдар жойылды.

Әрбір коммунаның бас мекемесі бургомистр басшылық ететін және демократиялық жолмен сайланатын коммуналық кеңес болып табылады. Коммуналық кеңестерге сайлаулар әдетте 4 жылда бір рет қарашаның үшінші сейсенбісіне белгіленеді. Таяудағы коммуналық және аймақтық сайлаулар 2013 жылдың 19 қарашасында өтеді. Ал алғашқы сайлаулар 2005 жылдың 15 қарашасында өткізілді — сонда коммуналық кеңеске 2.522 мүше, ал аймақтық кеңеске 205 мүше сайланды.

Коммунадағы орындау жұмыстарын коммуналық директор басқарады.

Фарер аралдары және Гренландия Данияның автономиялық облыстары болып табылады және өз кезегінде коммуналарға бөлінеді (Фарер аралдары 34 коммунаға, ал Гренландия 18 коммунаға).

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер