Данияр Ғабдырашитұлы Нұрманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Данияр Ғабдырашитұлы Нұрманов 1976 жылы 13 маусымда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1997) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (2008) көлік бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1993 жылдан - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жұмыс істеген (Астана қаласы). 2004 жылдан - «Айнабұлақ НС» ЖШС атқарушы директоры (Астана қаласы). 2005 жылдан - «Ақпараттық таныстыру орталығы» РМКК бөлім бастығы (Астана қаласы). 2006 жылдың наурызынан - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің құқықтық және ұйымдық-кадрлық қамтамасыз ету басқар- масы бастығының м.а., 2005 жылдың мамырынан - басқарма бастығы, 2008 жылдан - Әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орын- басары, 2009 жылдың мамырынан - директоры, 2009 жылдан - Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (Астана қаласы). 2010 жылдың қаңтарынан бері - Қарағанды облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub