Даниял Ысқақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Даниял Ысқақов (1897, Шығыс Қазақстан облысы Шынғыстау өңірі - 1945, Ресей, Карелия) - әдебиетші, сыншы, аудармашы, қоғам қайрат­кері, Абайдың немере інісі Кәкітайдың ұлы. Семей орыс-қазақ мектебінде оқыған. Ташкент Орта Азия университетін бітірген (1927). Осы университетте оқып жүріп, бала кезінен досы М.Әуезов екеуі қазақ балалары­на арнап "Наш аул" деген әліппе құрастырады. Даниялдың қазақ тілінде "Өзбекстандағы қазақ балаларына арналған жаңа әліпби" атты көлем­ді еңбегі 1926 ж. Ташкентте жарық көрген. Даниял 1924 ж. Әуезовтің "Бәйбіше-тоқал" драмалық шығармасына талдау жасаған сын мақала жариялады ("Сана", № 2 - 3). Бұл мақала қазақ әдеби сынының алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады. Даниял - В.Гаршиннің "Төрт күн" (1924), А.Чеховтың "Үлкен бағбанның әңгімесі" (1924) шығарма­ларын, өзбек жазушысы Абдулла Қаһардың әңгімелерін "Дүние жасарады" (1934) деген атпен, Р.Ролланның "Жан Кристофор" (1937) романынан үзінді аударып, бастырып шығарады. 1937 ж. жалған сая­си жала жабылып, Карелияға жер аударылған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}