Данило Михайлович Велланский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ВЕЛЛАНСКИЙ (Кавунник) Данило Михайлович (1774-1847) - орыс дәрігер-ғалымы және шеллингшіл идеалист-философы, Петербургтің дәрігерлік-хирургия академиясында (1796-1802) және Германияда (1802-05) оқып, 1805-37 жылдары дәрігерлік-хирургия академияда сабақ берді. Велланский натурфилософияны дамытып, Ресейде идеалистік диалектиканы да алғаш рет насихаттай бастады.

Шығармашылықтары:

  • "Медицинаға пролюзия..." (1805);
  • "Табиғатты биологиялық тұрғыдан зерттеу..." (1812);
  • "Тәжірибе, бақылау және ой қорыту физикасы" (1831);
  • "Жалпы және жеке физиологияның негізгі нобайы" (1836)

және т. б.