Даму психологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Даму психологиясы немесе жас ерекшеліктерінің психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:

  • 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;
  • 2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.

Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.

Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады:

Даму психологиясы — онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы — адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметтік жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады Дамудың жақын зонасы — психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер. Дамытатын күштер — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}