Дамушы елдердің қаржы жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дамушы елдердің қаржы жүйесі, мемлекеттік бюджетті, жергілікті бюджеттерді, федеративтік мемлекеттерде (Үндістан, Бразилия, Мексика, Колумбия, Нигерия, т.б.) бұған қоса федерация мүшелерінің бюджеттерін, мемлекеттік және жекеше кәсіпорындардың бюджеттерін қамтиды. Дамушы елдердің экон. және қаржылық жай-күйі көбінесе дамыған елдерден түсетін қаржы ресурстарымен айқындалады. Соңғы жылдары жекелеген мемлекеттердің жағдайында саралану үдерісі болды. Мәселен, Корея республикасы, Сингапур жоғары дәрежеде дамыған елдерге бұрынғы Ұлыбритания отары Гонконг (қазір Сянгян арнаулы әкімшілік ауданы, ҚХР) ірі қаржы орталығына айналды. Бразилия, Аргентина, Мексика, Чили индустриялы елдерге, ал мұнайды экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) мүшелер қолайлы экономикалық және қаржылық жағдайда болып отыр. Сонымен бірге кедей елдердің саны да айтарлықтай көп. Олар негізінен экономикалық және қаржы жағдайы өте ауыр Африка мен Латын Америкасы елдері <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} .


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дамушы елдердің қаржы жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}