Дамно
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дамно банкінің клиенттер вексельдерін инкассоға есепке қабылдағаны үшін олардан алатын айрықша ақысы (комиссиядан, пайыздардан және пошта шығындарынан тыс); бағалы қағаздарды нақты бағасынан төмен сатқанда олардың бағамынан келетін шығын.
- Вексельдерді, темір жол жүк құжаттарын, коносаменттерді (теңіз тасымалы жөніндегі құжаттар) және т.б. инкассалау мен есептеу бойынша тапсырмаларды орындағаны үшін клиенттерден алынатын (комиссия, пайыздар және пошта шығындарынан тыс) ерекше төлем.
- Құнды қағаздарды тұрақты құнынан (керсетілген баға) төмен сатқан кезде, олардың бағамынан ұтылу.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң