Дамир Бұлтбайұлы Буданбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дамир Бұлтбайұлы Буданбеков 1955 жылы 17 ақпанда Жамбыл облысының Шу қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Сағындықов Бұлтбай. Анасы - Сағындықова Назымкүл, жаттықтырушы-кеңес беруші. Октябрьдің 50-жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1985), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан).

  • 1979 жылдың қыркүйек айынан - Жамбыл облыстық БЖСМ бокстан жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1993-1996жылдары - ҚР бокстан аға жаттықтырушысы.
  • 1999-2000 жылдары - Үрімші қаласындағы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық республикасының бокс бойынша жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 2002 жылдың наурыз айынан - ҚР жастар құрама командасының бокс бойынша аға жаттықтырушысы.
  • 2004 жылдың сәуір айынан - ҚР ұлттық құрама командасының бокс бойынша аға жаттықтырушысы, 2004 жылдың қараша айынан - бас жаттықтырушысы.
  • 2010 жылдың наурыз айынан бері - Қызылорда облысының бокс бойынша жаттықтырушы-кеңес беруші.

Бокстан жасөспірімдер арасындағы (1971, 1972), жастар арасындағы (1974) Қазақстан біріншіліктерінің жеңімпазы; ҚазКСР чемпионы (1974); Жастар ойындарының (Горький, 1974), КСРО Кубогының қола жүлдегері (Запорожье, 1975). Азияның 2 мәрте чемпионы, XXVI Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Б. Ниязымбетовты; ҚХР чемпиондары және жүлдегерлері А. Әбдірахманов пен 3. Нұрайды тәрбиелеген. КСРО спорт шебері (1974). Бокстан ҚазКСР (1991), ҚР (1991) Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1996). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткөрі (1996).

  • Әскери атағы - запастағы аға сержант.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан 2030 жылға қарай гүлденіп; әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосылады».
  • Хоббиі - аңшылық.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - шетел детективтері.
  • Үйленген. Жұбайы - Буданбекова Раиса Тоғайқызы.
  • Ұлы - Буданбеков Ғабит Дамирұлы; қызы - Буданбекова Бәтес Дамирқызы.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub