Далалық шие

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Далалық шие (Үлгі:Lang-la) — раушангүлділер тұқымдас шие туысына жататын көп жылдық бұта. Қазақстанның далалы, орманды далалы аймақтары мен жалпақ жапырақты ағаш ормандарында, әсіресе, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің арнасы мен жағасында өседі.

Биіктігі — 0,2-1, кейде 2 м, өте жиі өскен бұтақтары бөрік баса тығыз орналасады. Өркендері шыбық тәрізді жіңішке, жас кезінде түкті, өсе келе түктері түсіп қалады. Жапырағы ұзынша келген, үстіңгі беті күрең жасыл, жылтыр, астыңғы жағы ақшыл. Ақ гүлі қос жынысты, 3—4-тен топталып шатырша гүлшоғына жиналған. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеде жемісі піседі.

Жемісі — шырынды, сүйекті, диаметрі 8—12 мм-дей. Жемісі жеуге жарамды, түрлі сусындар дайындауға пайдаланады. Бал арасы гүлінен бал жинайды.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөзді, І-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}