Даладағы дабыл (роман)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Даладағы дабыл - құжаттарға негізделген публицист, роман. «Жазушы» баспасынан 1962, 1967, 1981 жылы жарық көрген. Авторы-сыншы, жазушы, академик М.Қаратаев. Роман 30 тарауға бөлінген.

Тарихи деректер мен белгілі адамдардың өміріне негізделіп жазылған бұл еңбекте қазақ елінің төңкеріс алдындағы тұрмысы, 1913 жылы Мәскеуден Байқоңыр, Қарсақбай даласына жер ауып келген революционер Деевтің басынан кешірген өмірі арқау етіліп, қазақ жеріндегі А.Иманов, Кейкі батыр, Ә.Жангелдин, С.Шәріпов, О.Майкөтов сияқты азаматтар бастаған қазақ халқының бостандық жолындағы күрестері суреттеледі. Өндірісті қазақ елі, Байқоңыр жері, мәдени өркендеу шағы, Қазақстанның 40 жылдығы, ел ардагерлері мен аяулы азаматтары туралы баяндалады.

Кітаптағы «Самородок», «Халық көзімен», «Будақтайды түтіні Қарсақбайдың», «Үлкен Жезқазған үшін күрес», «Болашаққа саяхат», «Байқоңыр топырағы», «Өнері асқан астанада» атты тарауларда Қаныш Сәтбаевтың Орталық Қазақстандағы, әсіресе, Үлкен Жезқазғанды ашудағы ерлік қызметі жан-жақты көрсетіледі. Көпшілік оқырман қауымға арналған. Соңғы басылымның көлемі 25 баспа табақ. Таралымы 30 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Даладағы дабыл (роман)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}