Далабай Керешев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Далабай Керешев (1888, қаз. Атырау облысы, Тайсойған өңірі — 1987, Қаратөбе ауданы) — Қаратөбе өңіріне белгілі күйші. 10 жасынан Қошқар күйшіден домбыра тарту үйренген. Батыс Қазақстан аймағынан шыққан халық композиторларының шығармаларын шебер орындаған. Оның баласы Сәулебай да облысқа белгілі домбырашылардың бірі.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>