Давид Давидович Бурлюк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Давид Давидович Бурлюк– орыс ақыны, суретші. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%B4_%D0%94%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%B4%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%91%D1%83%D1%80%D0%BB%D1%8E%D0%BA</ref>

Өмірі

Балалық шағында туған ағасымен ойнап жүріп көз жанарынан айырылғандықтан, әйнек көзбен жүрген. 1898-1910 жылдар аралығында Казан және Одесса сурет училищесінде оқыған. Сурет өнерін Германияда, Мюнхендегі «Король Академиясында» жұмыс істейтін профессор Вилли Дитцтан, Франциядағы «L’ecole des beaux arts» мекемесінде үйренген.

Отбасы

Бурлюктың екі ағасы, үш әпкесі болған: Владимир, Николай, Людмила, Марианна және Надежда. Владимир мен Надежда – суретші, Николай – ақын болған.

Қызметі

Бірінші соғыс кезінде Бурлюктың сол көзі болмағандықтан армияға жарамсыз деп танылған. Мәскеуде тұрып, өлеңдерін жарыққа шығарып отырған, газеттермен серіктес болған, сурет салған. 1918-1920 жылдары В.Каменский, В.Маяковскиймен бірге Урал, Сібір, Қиыр Шығысқа гастрольдік сапарға шығып отырған. 1920 жылы Шығыс мәдениетін үйреніп, сурет өнерімен шұғылдану үшін Жапонияға кетіп, 2 жыл тұрады. 1922 жылы АҚШ-қа көшеді. 1930 жылы ол «Color and Rhyme» («Цвет и рифма») атты журналдың негізін қалайды. Журнал 2 тілде: ағылшын және орыс тілдерінде жарық көреді. Нью-Йорк штаты, Хэмптон-Бейз қаласында 1967 жылы 15 қаңтарда қайтыс болады.


  • «Облако в штанах»
  • И —
  • как в гибель дредноута
  • от душащих спазм
  • бросаются в разинутый люк —
  • сквозь свой
  • до крика разодранный глаз
  • лез, обезумев, Бурлюк.
  • Почти окровавив исслезенные веки,
  • вылез,
  • встал,
  • пошел
  • и с нежностью, неожиданной в жирном человеке,
  • взял и сказал:
  • «Хорошо!»
                               В. Маяковский

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}