Дабыл қуысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дабыл қуысы (барабанная полость); (cavum tympani, лат. cavum — қуыс, tympani — дабыл) — ортаңғы құлақ орналасқан самай сүйектің қуысты дабылдық бөлігі. Оның сыртқы бүйір қабырғасы дабыл жарғағымен шектелген. Дабыл қуысының ішкі қабырғасында үзеңгіше сүйекше табанымен жабылған ішкі құлақтың кіреберіс терезесі (сопақша тесік) және ішкі дабыл жарғағымен астарланған ұлу терезесі (дөңгелек тесік) болады. Бұл тесіктерді бір-бірінен аралық мүйіс бөліп тұрады. Дабыл қуысының алдыңғы қабырғасында осы қуысты жұтқыншақпен жалғастыратын есту түтігінің тесігі орналасады, ал оның төбесі арқылы бет жүйкесінің өзегі өтеді. Дабыл қуысы — сыртқы құлақты ішкі құлақпен жалғастырып, есту мүшесі қызметін іс жүзіне асырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дабыл қуысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

nl:Oor#Middenoor