Дабыл Жуанышев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дабыл Жуанышев (22 шілде 1919 ж.т., Жамбыл ауд. Бірлесу Еңбек а. - 26 қазан 1994 ж. Жамбыл) - заңгер.

Қысқаша өмірбаяны

Жамбыл стансасындағы ФЗО курсын бітірген соң паровоз машинисінің көмекшісі деген мамандық алады. Одан кейін "Халық шаруашылығы" мектебін үздік тәмамдаған соң, Воронеж қаласындағы осы іспеттес училищеге оқуға жіберілды, онда "есепші, экономист, жоспарлаушы" мамандығына ие болады. 1941-46 ж. туған ауылында ұжымшардың есепшісі болып жұмыс істейді. 1943 ж. Алматы заң институтының сырттан оқытатын бөлімінде оқиды, 1946 ж. Жамбыл облысындағы Талас ауданының, 1948-51 ж. Жамбыл қаласындағы 2-ші учаскелік судьясы қызметін атқарады. 1952 ж. басынан мамырдың аяғына дейін Жамбыл облысы Сот Төрағасының орынбасары, 1952-55 ж. Қызылорда облысының, 1973- 82 ж. зейнетке шыққынға дейін Жамбыл облысы Соттары Төралқасының төрағасы болды.

Марапаттамалары

1977 ж. оған "Қазақ КСР-на Еңбек сіңірген Зңгер" атағы берілді. Қазақ КСР Жоғары Сот Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен, бірнеше орден, медальдармен мараптталған.

Дереккөздер

<ref>Тараз, Жамбыл Облысы энциклопедиясы, Алматы 2003</ref>