Гәкку Бәйішева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гәкку Бәйішева – (1971. Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Жылымды ауданы) - тележурналист.<ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

ҚазҰУ-ді бітірген (1993). Еңбек жолын Көкшетау облыстық телерадиокомитетінде радио тілшісі қызметінен бастап (1993), облыстық теледидардың редакторы қызметінде күні бүгінге дейін қызмет атқарып келеді.

Алғашқы хабарлары денсаулық саласына байланысты «Денсаулық», халықтың салт-дәстүрі жайлы «Жеті өнер», әйел-аналарға арналған «Балқадиша», «Сырғалым», туған жерге еңбегі сіңген азаматтар жайлы «Туған жер тұлғалары» хабарларын жүргізген. Сондай-ақ таңертеңгілік тікелей эфирге шығатын «Шұғыла», «Күншуақ» ақпаратты-сазды бағдарламасын жүргізген.

Кейіннен балаларға арналған «Бір бала», «Тарихыңды таны» және «Айналайын» хабарларының авторы.

Қазақ теледидарының 50 жылдық мерейтойына арналған фестивальде (Қарағанды) «Алтын аймақ адамдары» номинациясы бойынша жүлдегер атанған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}