Гүржі падишасы - Гурандухт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

XII ғасырда Грузия патшасы IV Дәуіт селжұқ түріктері мен парсылар шапқыншылығына, Грузия бірігуіне қарсы ішкі жаулар әрекеттеріне батыл түрде тойтарыс берді. Ең қатерлісі ішкі жаулар еді. Өйткені "Қорқыт ата кітабында" айтылғандай, сыртқы жаудан ішкі жаудың қатері орасан күшті. Ең алдымен патша туыстары IV Дәуітінің көзін жойып, онымен қоса бірігу идеясының тамырына балта шабу үшін түрлі арандатушылық әрекеттерге барды. Жауларынан төнген қатер бұлтын сейілту үшін Дәуіт патша әйелінің туыстары − қыпшақтардан көмек сұрауға шешім қабылдады. IV Дәуіттің жұбайы Гурандухт (Турандот ханшайым) қыпшақ ханы Сары ханның (Шарукан) қызы еді. Дәуіт патша ханның ұлы Атракты өзіне қызметке шақырды. Жауынгер осетиндер қыпшақтармен жау еді. Бірақ Дәуіт патша олармен келісімге келеді. Сөйтіп, осетиндер өз жері ақылы грузин патшасының жеке күзетіндегі 5000 салт аттыны және қыпшақтың 40000 таңдаулы әскерін кедергісіз өткізді. Дәуіт патша қыпшақтардың көмілген грузин ақсүйектілерінің сағын сындырып, Грузияны бір елге біріктіріп, селжұқ сұлтандарының шапқыншылықтарына тойтарыс берді. Осылайша, бір кезеңде Грузия өзінің тәуелсіздігі үшін қыпшақтардың әскери жәрдемі мен қыпшақ ханының қызы Гурандухтқа борышты болды.

Дереккөздер

<references/>