Гүлшара Зайнолдақызы Досмағамбетова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлшара Зайнолдақызы Досмағамбетова 1952 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зыря- новск қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Үшкірбаев Зайнолда Оқасұлы (1920 жылы туған), мұғалім болып жұмыс істеген. Анасы - Үшкірбаева Мария (1929 жылы туған), үй шаруасымен айналысқан.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1973); Строганов жоғары көркөмсурет-өнеркәсіп училищесінің сән өнері факультетін бітірген (Мәскеу қаласы, 1979), суретші-қыш бұйымдарын жасаушы.

ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. ҚР Президентінің резиденциясы үшін жасалынған сәнді құмыралар сериясындағы туындылардың (Астана қаласы), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайдағы «Сәнді құмыралардың» (скифтердің «аңдық» стилі), шамот материалындағы - «Бір композиция» жұмыстар сериясының (Дзинтари қаласы., Латвия) авторы. Бейнелөу өнеріндегі мәнері - қыштағы монументті-сәнді мүсін. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Мемлекттіктарихи мұражайда (Апматы қаласы), Эрмитажда (Санкт-Петербург қ.), Пөтровкадағы Көрме залында (Мәскеу қаласы), Орыс мұражайында (Мәскеу қаласы) қойылған. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Президенті резиденциясының (Астана қаласы) қорларында, Дижона қаласы әкімшілігінің мұражайында (Франция), Рига (Латвия) мен Киевтің (Украина) ұлттық мұражайларында, Апматы көркем қыш зауытының мұражайында, сондай-ақ Италия, Ресей, Қазақстан, Франция, Латвия, Эстония, Индияның жеке коллекцияларында сақталуда. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1969-1973 жылдары - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің студенті.

1975-1976 жыл-дары - «Пионер» журналының көркемдік редакторы. 1980 жылдан - Алматы көркем қыш зауытының суретшіқыш бұйымдарын жасаушы. 1981 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесінде көркем қыш бойынша ұстаз, аға ұстаз. 2000-2003 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында көркем қыш кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы.

КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1985 жылдан). Дижонада өткен Халықаралық көрмеге (Франция, 1990-1991), Генуяда өткен Халықаралық «Примавера» көрмесіне (Италия, 1992), Фаэнцадағы Халықаралық көрмеге (Италия, 1993), Бүкіләлемдік «Мұхит -болашақтың мұрағаты» көрмесіне (Лиссабон, 1998) қатысқаны үшін дипломдармен марапатталған.

Хоббиі - табиғатпен қатынаста болу. Сүйіп оқитын әдебиеті - кпассика, Л.Н. Толстой, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, С.А. Есенин, Ш. Айтматов, М. Әуезов.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы, марқұм, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қызы - Тастаева Айдан Абатқызы, марқұм, суретші-акварелші болған. Немересі - Махади Дастан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub