Гүлсім Төлегенқызы Ақтамбердиева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гүлсім Төлегенқызы Ақтамбердиева - 1956 жылы 3 қарашада Жамбыл облысында туған. 1978 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді бітірген, математик.
- 1978-85 жылдары - ҚазКСР Орман өнеркәсібі министрлігінің ОЖКТБ қатардағы және аға инженер-програмисі.
- 1985-95 жылдары - Қаз-МӘТУ ақпараттық технологиялар аға оқытушысы.
- 1995-97 жылдары - ЮСАИД-тың «Қазақстан мен Қырғызстандағы шағын жекешелендіру» жобасының бизнес-менеджері.
- 1996-97 жылдары - ЮСАИД-тың «Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстандағы бухгалтерлік есеп реформасы» жобасының кеңесшісі, топ жетекшісі.
- 1997 жылдан - «КАРАНА» корпорациясының Орталық-Азия филиалының бас директоры; Дүниежүзілік Банкінің «Қазақстандағы зейнетақы реформасы» және «Тәжікстандағы жекешелендіру және жеке меншік секторының дамуы» жобалары жетекшісінің орынбасары.
- 2005 жылдан - «СТК2 Сеntral Аsіа» компаниясының директоры, негізін қалаушы. Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. Біріккен Әлем колледждерінің қазақстандық іріктеуші комитетінің президенті.
Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Туралық және адалдық».
Іскер адамның бойындагы құнды қасиеттер: «Кәсіпқойлық, мақсаткерлік және адалдық».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
Дереккөздер
<References/>