Гүлсамал Аймаханова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аймаханова Гүлсамал (21.11.1961. Ақтөбе облысы Шалқар) – тележурналист.<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

ҚазМУ-ді бітірген (1985). Енбек жолын "Алға" ауданы газетінде тілшіліктен бастаған. 1988 ж. Ақтөбе қаласында данқты батыр Ә.Молдағұлованың облысы мемориалдық мұражайында ғылыми қызметкер, 1989-99 жж. облысы телерадиокомпанияда редактор болып, 1994 ж. к-лық Мәслихатына депутат болып сайланған.

2002-2004 жж. "НұрДәулет" газетінде редактор, 2004-2005 жж. Еуропалық одақтың облысытағы "АСМЕД" жобасында жұртшылықпен байланыс жөніндегі сарапшы болып қызмет еткен. Оқушы кезінен жырлары баспасөз беттерінде жарияланып келеді.

1992 ж. жас ақындардың "Мерейлі мекен", батыр Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай мерекелік III томдығы мен "Гүлғұмыр" жыр жинағына бір топ өлеңдері енген. 2000 ж. "Көкемарал", 2008 ж. "Еңлікгүл" атты кітаптары жарық көрген. Ақтөбе облысы теледидарының 35 жылдығына байланысты ҚР Мәдениетінің Құрмет грамотасымен (1996) марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала