Гүлнәр Айтбекқызы Есенқұлова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гүлнәр Айтбекқызы Есенқұлова – 1986 жылы 16 желтоқсанда Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ қызы.
<ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы, ISBN 788-548-4258-64-5</ref>
1966 жылы 25 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданына қарасты «Қарақұр» ауылында дүниеге келген.
1984 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Абай атындағы педагогикалық институттың Бастауыш сыныптарды оқытудың педагогикасы мен методикасы факультетіне оқуға түседі. 1986 жылы көтеріліске қатысып, комсомол қатарынан шығарылып, оқудан қуылған.
Бұл күнде жолдасы Қанат Смайылов екеуі «Қарақұр» ауылындағы орта мектепте ұстаздық етеді.
Дереккөздер
<references/>