Гүлнафис Ғарифоллақызы Айтмұхамбетова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнафис Ғарифоллақызы Айтмұхамбетова 1988 жылы 20 ақпанда РКФСР Астрахан қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Есдәулетов Жоламан Жалғасұлы, зейнеткер, ІІМ-нің отставкадағы майоры. Анасы - Кенжебаева Роза Қабдолқызы, Атырау облыстық әкімшілігі жалпы бөлім кеңсесінің бас маманы. Қазіргі уақытта - X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінің студенті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 2009 жылдан - №1 ОРМБЖМ (Атырау қ.) таэквондо бөлімшесінің спортшы-нұсқаушысы. 2009 жылдан бері - Ш¥КД және ОР жанындағы таэквондодан ҚР Ұлттық құрамасының (Атырау қ.) құрамында. 2009 жылдан бері - Олимпиадалық резервті даярлау орталығының таэквондо бөлімінде спортшы-нұсқаушы, республикалық «ҚР Таэквондо федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалында спортшы-нұсқаушы. ҚР чемпионы; ҚР Кубогының жеңімпазы; шығыс жекпежегі бойынша Азия ойындарының чемпионы (Таиланд, 2009); ҚР Универсиадасының (Атырау қ.), Әлемдік универсиаданың (Сербия, 2009) жеңімпазы. ҚР спорт шебері (2009). Тэквондодан қара белбеу, 1 дан иегері. ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Атырау облыстық әкімшілігінің грамоталарымен марапатталған.

  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Елдің экономикалық және саяси тұрақтылығы».
  • Хоббиі - футбол.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - спорт туралы газеттер мен журналдар, жергілікті БАҚ.
  • Тұрмыс құрмаған.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub