Гүлнар Әнуарбекқызы Мұратова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнар Әнуарбекқызы Мұратова 1958 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай ауылында туған. Ұлты қазақ. Педагогтік қызметіне 34 жыл. 1981 жылы Қарағанды университетінің филология факультетін бітірген соң, Ақмола облысы Сілеті ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы, 1982-1986 жылдары осы ауданда мұғалімдік қызмет атқарады. 1986-1988 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-де стажер-ізденуші болып қабылданды. 1988-1991 жылдары осы институттың аспирантурасына оқуға түседі.

1991-1992 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтында педагогтік қызметін жалғастырады. 1993-2000 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы Ақмола университеті (кейінгі Еуразия ұлттық университеті) қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2003-2006 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғайтын, ал 2009 жылы осы университет жанындағы Д.14.29.02 докторлық диссертация қорғайтын Кеңес мүшесі болып сайланды.

1991 жылы ҚР ҰҒА-ның А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында профессор Р.Ғ.Сыздықованың жетекшілігімен «Қазақ көркем әдебиетіндегі окказионал сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды. 2009 жылы ақпанда докторлық диссертация қорғады («Абайдың тілдік тұлғасы: дискурстық талдау мен концептуалды жүйесі»).

Г.Ә.Мұратова өзі еңбек ететін университеттің бакалавр, магистр даярлайтын бөлімдеріне қазақ тілінен сабақ жүргізеді. Оқытушы сабақтардың ғылыми-теориялық мәніне, білім сапасына үлкен талап қояды. Ол жаңа бағыттағы «Лингвомәдениеттану», «Әлеуметтік лингвистика», «Тілдік қатынас негіздері» пәндері бойынша дәріс жүргізеді. Оқу процесінде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, жаңа технологиялар талабына сай жоғары оқу орны деңгейіне лайық сабақ жүргізеді. Оқытушының іс-тәжірибесі ашық сабақтар мен әдістемелік семинарларда талданып, жақсы бағасын алды. Оқытушы республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысады. Жаңа оқу кешені мен силлабустар, оқу-әдістемелік құралдарын талапқа сай әзірлейді. Ол «Қазақ әдебиеті тіліндегі окказионал сөздер», Кәсіби бағдарлы қазақ тілі атты оқу құралдарының және 60-тан астам ғылыми мақалалар авторы. Г.Ә.Мұратова Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі белгісімен марапатталған.

Шығармалары:

  • Оккозиональные слова в казахской художственной речи. АКД., А., 1991.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}