Гүлмаржан Ғинаятқызы Молдашева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гүлмаржан Ғинаятқызы Молдашева (1933 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауылы) – дәрігер.
- Маңғыстау облысындағы еңбегі сіңген санитарлық дәрігері (2000).
- Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1957).
- 1957 – 1960 жылдары Зеленов ауданы,
- 1960 – 1964 жылдары Орал облысы,
- 1964 – 1966 жылдары Форт-Шевченко қалалық сан-эпидемиологиялық станциясында бас дәрігер,
- 1966 – 1972 жылдары Маңғыстау ауданы ауруханасында,
- 1972 – 1994 жылдары Түпқараған ауданы сан-эпидемиология станциясында бас дәрігер болды. Қазақ КСР-і «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған (1968).<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
</ref>
Дереккөздер
<references/>