Гүлкеюре

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлкеюре - Күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жетісу өңірінде таудың тастақты, қорымтасты беткейлері мен қалың бұталардың арасында 20-дан аса түрі өседі. Сабақтары тік, жатаған, қысқа сабақты түрлері де кездеседі. Жапырақ тақталарының шеттері қауырсын тәрізді терең ойықталған, ұзын сағақты. Майда гүлдері себетгүлге шоғырланады. Себетгүлдің сыртындағы орам жапырақшалары қалың, жылтыр, кей түрін түк басқан. Өсімдіктердің түрлеріне қарай себетгүлдері бірігіп қалқанша, сыпырғы, шашақ гүл шоғырларын құрайды. Гүлдері сары, қызғылт, көк, күлгін түсті, бір-бірімен бірігіп кеткендіктен "түтікше гүл" деп аталады. Аталықтарының жіпшелері жалпақ, түкті, аналық аузықос тілімді. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, шілде-тамызда жемісі піседі. Жемістері — айдаршалы тұқымша, айдаршасыз түрлері де кездеседі. Гүлкеюренің біраз түрлері сәндік үшін өсіріледі, олар гүлдеу кезінде шірне бөлетін — балды өсімдіктер. Дәрілік, бояу алатын, улы түрлері бар. Негізінен гүлкеюре — жаздық және күздік дақылдардың арамшөбі.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гүлкеюре|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}