Гүлистан Әбдумәлікқызы Аюповa

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлистан Әбдумәлікқызы Аюповa - 1968 жылы 5 қарашада Алматы қаласында туған. Әкесі - Аюпов Әбдумәлік Насрединұлы, ат күтуші. Анасы - Аюпова Гүлбүбі Насрединқызы, сатушы. Мәскеу баспа академиясын (1993) «Экономика және бас- қарма» мамандығы бойынша; Новосібір мемлекеттік университетін (2002) психолог мамандығы бойынша; Erickon College International (2006) коуч мамандығы бойынша; Мәскеу гештальт және психодрама институтының ұйымдастырылған психология факультетін (2004) гештальт-терапевт мамандығы бойынша бітірген. Жаттықтырушыларға арналған тренинг (Алматы қ., 2008; Мәскеу қ., 2009), «Компетенция үлгісін жасау» (Алматы қ., 2009), Мерлин Аткинсонның «Коучинг» (Канада қ., 2006), кадрлі менеджмент бойынша семинарлар циклы (Алматы қ., 2008-2009), «Дон Бекк, Грейвз Спиралі» (АҚІІІ, 2007), ұйымдастырылған менеджмент бойынша семинарлар циклы (Алматы қ., 2007) кәсіби жетілу бағдарламаларын таңдаған. Орыс және қазақ тілдерін біледі. «Мақсат қою», «Басқару машықтарды дамыту», «Еркек пен әйел: гармониялық қатынастар», «Ақша есімді адам», «Бақытты әйел», «Отбасындағы гармония», «Тұрмысқа шыққым келеді», «Фортуна және Сіз», «Жетекшілерге ар- налған коучинг» тренингтерін жасап, жүйелі түрде өткізіп тұрады. Жетістікке жету бойынша үш сатылы бағдар- ламалардың үйлестірушісі. «Компас» Ассесмент орта- лығын жасаушылардың бірі. 1997 жылдан - «Казсельмаш» ЖШС бухгалтері. 2000 жылдан - «ЖИВ» тренингті компаниясының тренингтер үйлестірушісі. 2003 жылдан бері - жеке кеңес берумен, тренигтер жасау және өткізумен, менеджерлерге арналған коучингпен ай- налысады, жетістікке жету бойынша бірлескен тренингтер, бірлескен бағдарламалар еткізеді. 2005 жылы «Ханума» неке агенттігін ашты. Діни көзқарасы - мүсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер, Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - оқу, би. Сүйіп оқитын әдебиеті - Ф.М. Достоевский, Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, М. Булгаков. Түрмыс құрмаған. Қызы - Камилла (2005 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub