Гүлзара Мәулетдинқызы Мәулетдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлзара Мәулетдинқызы Мәулетдин - 1972 жылы 21 қарашада Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Ізбасар Мәулетдин Тілеужанұлы, Қазақстан маркетинг және маркетинг қоғамдық академиясы Ассоциа- циясының профессоры, академигі, нарық экономикасы бойынша классикалық оқулықтардың, оның ішінде Philip Kotler «Marketing Essentials» Northwestern University аудармашысы. Анасы - Ізбасар Маян Рақымжанқызы, ҚазБСҚА профессоры, ҚР құрметті сәулетшісі. Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясын (1994) сәулетші мамандығы бойынша; «Әділет» Жоғары құқық мектебін (1998) заңгер мамандығы бойынша бітірген. «Community Connections» (IREX, CI1IA, 2002), «Маркетинг» (CESO, Ресей, 2003), «Тиімді басқарма» (CESO, Ресей, 2003), «Жобалар мен ҮЕ¥ басқару» (Каунтерпарт Консорциум, Қазақстан, 2004), «Жаттықтырушыларға арналған тренинг» (Қазақстан, 2004), «Коучинг» (М. Аткинсон, Канада, 2005), «Дон Бекк, Спираль Грейвза» (АҚШ, 2007), «Кадрлі менеджмент бойынша семинарлар циклы» (Қазақстан, 2008), «Құзырет модельдерін құру» (Қазақстан, 2010) кәсіби даму бағдарламаларын тыңдаған; сонымен қоса Қазақстандағы уйымдастырушылық менеджменті бой- ынша семинарлар циклын өткен. Қазақстандағы бизнестің даму тенденциялары жайында 30 астам мақалалардың, «Business life» журналындағы «HR-мектеп «ЛВ» және «Қызметкерлерді басқару тәсілдері», «Әркімге қызметі бойынша» мақалалар топталасының авторы. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. 1994 жылдан - «Қазжобареставрация» жобалау инсти- тутының сәулетшісі. 1995 жылдан - «Marat & Со» ЖІІІС бас директоры (Алматы қ.). 1996 жылдан бері - «JIB Экспресс» ЖІІІС бас директоры - «JIB Recruitment Агенттігі» ЖШС директоры (Алматы қ.). Қазақстандағы Executive Search (IESF) Халықаралық федерацияның Қырғызстан мен Өзбекстандағы эксклюзив- ті өкілі (1996 жылдан). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын». Хоббиі - гүл өсіру, билер, айкидо, тайцзицюань. Сүйіп оқитын әдебиеті - И. Шах, Н. Гейман, У. Шекспир. Түрмыс құрмаған. Қызы - Айжанат; ұлы - Самат, Пекин қаласындағы университеттің студенті, ҚХР <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub