Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Қарағұсова, Гүлжан Жанпейісқызы (1950 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған) — Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаты, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы.

Қысқаша өмірбаяны

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия факультетін бітірген (1972), экономист, саяси экономика оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (1980), докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Социализм кезіндегі жарыс қатынастарын іске асырудың экономикалық механизмі». С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының профессоры (1992).

«Бұқараның жанды шығармашылығы» (1985), «Жарыс және қайта құру» (1988), «Салықтар: пайдалану мәні және іс жүзінде» (1994), «Бағалы қағаздар туралы не білу керек» (1996), «Көлеңкелі экономика: даму тенденциясы» (2001) кітаптарының авторы; «Қоғамдық тұтыну қорлары» (1983), «Шаруашылық механизмі жүйесіндегі бәсекелестіктің жаңа формалары» (1984), «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күресу мәселелері» (1996) кітаптарының тең авторы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП (2007 жылдан).

1972 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры. 1994 жылдан - ҚР Президентінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі, Экономикалық кеңесшілер кеңесінің жетекшісі.

1995 жылдан - ҚР Құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының төрайымы. 1997 жылдың қаңтар айынан - «Қаржы нарықтары институттары» ҚҚ президенті. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы. 2001 жылдан - ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек министрі.

2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы.

«Парасат» (2005) орденімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, М. Тэтчер, Б. Бхутто.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қарқынды дамушы нарықтық экономика. Заңдарға жүгінетін, берік демократиялық мемлекет».

Хоббиі - серуендеу, саяхат жасау, музыка, театр.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.

Ұлдары - Қарақұсов Фархад Сергеевич (1971), Романов Роман Сергеевич (1976 ); қызы - Қарақұсова Дана Сергеевна (1984 ).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде дәрiс берген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң жетекшiсi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрайымы болып тағайындалған.

2001 ж. қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi.

2007 ж. «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырым депутаты боп сайланған. қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы.