Гүлжан Аспетова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлжан Аспетова 1946 жылы 28 мамырда Жамбыл облысы Мерке ауданында туған. Қазақ. Әкесі - Аспетов Жарылқасым. Анасы - Болатбекова Уазина. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетінің актерлік бөлімін бітірген (1967), актриса. Өнертану профессоры (2002). 1967 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса. 1999 жылдан бері - К. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы (Астана). 2001 жылдан бері - Қазақ ұлттық музыка академиясында курс жетекшісі. «Бөлтірік бөрік астында» (Жәмиля); «Бей, қыздар-ай!» (Күнсұлу); «Дала дастаны» (Мақпал); «Құлыным менің» (Анар); «Қаракөз» (Қаракөз); «Қарақыпшақ Қобыланды» (Құртқа); «Фархад пен Шырын» (Мехменебану); «Ант» (Бәтима ханым); «Электра, сүйіктім менің» (Электра); «Асауға тұсау» (Катарина); «Юлий Цезарь» (Кальпурния); «Эдип Патша» (Иокаста); «Жендеттер» (Мадлена); «Кішкентай ауыл» (Ардақ); «Ескі үйдөгі екі қоштасу» (Зейнеп); «Ғасырдан да үзақ күн» (Найман-ана); «Кебенек киген арулар» (Кәзия); «Мәңгілік бала бейне» (¥зынғайша); «Ана -Жер Ана» (Толғанай); «Балуан Шолақ» (Балуанның анасы); «Күйеуге шыққан кемпірлер» (Фатима); «Баянсыз бақ» (Люси Купер); «Қымбатты Памела» (Памела) және т.б. спектакльдерінде ойнайды. «Киттер кеткенде» (1981), «Тоғызыншы ұлдан қорық!» (1984), «Ақбілек» (1997) және т.б. фильмдерге түскен. ҚР Халық әртісі (1993). Хоббиі - кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - классика. Ұлы - Пусурманов Азат Викторович.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub