Гүлдана Ғалымқызы Сапарғалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Гүлдана Ғалымқызы Сапарғалиева 1951 жылы 6 қарашада Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Қазақ.

Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының вокал бөлімшесін бітірген (1978), операныңсолисі, концерттік-камералықорындаушы, оқытушы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (2007 жылдан).

«Актерлік өнер бойынша жоғары және орта буынға арналған стандарттар», «Дауыс қою» оқу құралдарының авторы. Қазақ, орыс және итальян (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).

1978 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. 1996 жылдан - ҚР Мәдениет министрлігі музыкалық басқармасының бас маманы. 2000 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жеке ән орындау кафедрасының профөссоры. 2007 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернаты мен колледжінің директоры.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2009). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Барлық жағынан алғанда тәуелсіз мемлекет». Хоббиі - «Үй тірлігі».

Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, Ф.М. Достоевский, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, А. Блок, С. Есенин.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Көжабаев Байімбет, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Ұлы - Көжабаев Амангелді. Немерелері-Дана, Мәдина, Әлихан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub