Гурбаноғлы Бердымұхаммедов
Құрбанқұлы Бердімұхамедов Үлгі:Lang-tk 1957 жылы туған, Түрікменстан, Ашхабад облысы, Гөкдепе ауданы(түрікм. Gökdepe), Бабарап ауылы) – саяси қайраткер, Түрікменстан Республикасының Президенті. Медицина ғылымының докторы, профессор.
Түрікмен Мемлекеттік медицина институтын (1979), Мәскеу медицина институтының аспирантурасын (1990) бітірген. 1979 – 87 жылдары Ашхабадта дәрігерлік қызмет атқарды. 1990 – 95 жылдары Түрікмен мемлекеттік медицина институтының доценті, тіс емдеу факультетінің деканы, 1995 – 97 жылдары Түрікменстан медицина өндірісінің тіс дәрігерлігі орталығының директоры болды. 1997 жылы Түрікменстанның денсаулық сақтау және медицина өндірісінің министрі, 1998 жылдан С.Ниязов атындағы Халықаралық медицина орталығының басшысы болды. 2001 жылы 3 сәуірде министрлік лауазымына қосымша Түрікменстан үкіметінің вице-премьері болып тағайындалды. 2006 жылы 21 желтоқсанда С.Ниязовтың дүниеден өтуіне байланысты Бердімұхамедов Түрікменстан президентінің қызметін уақытша атқарды. 2007 жылы 11 ақпанда өткен президенттік сайлауда 89% дауыс жинап, Бердімұхамедов Түрікменстанның президенті болып сайланды. 2007 жылы тамызда Жалпыұлттық “Галкыныш” (Жаңғыру) қозғалысының және Түрікменстан Демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>
Сыртқы сілтемелер
- Президент Туркмении провёл операцию в новом онкоцентре
- Turkmenistan President Called 'Dumb, Dishonest' in Cable
Дереккөздер
<references/>