Греков Борис Дмитриевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Греков Борис Дмитриевич(21.4.1882, Украина, Миргород, қазіргі Полтава облысы – 9.9.1953, Мәскеу) – орыс тарихшысы. КСРО Ғылым Академиясының академигі (1935). 1937 жылдан КСРО Ғылым Академиясы Тарих институтының, 1944–1946 ж. бұған қоса Мәдени мұра тарихы институтының, 1947–51 ж. Славянтану институтының директоры, 1946–1953 ж. КСРО ҒА Тарих және философия бөлімшесінің акад.-хатшысы болған. Г-тың ғылым-зерттеулері, негізінен, Ресей мемлекетінің құрылуы, ертедегі орыстардың көршілес түркі халықтарымен өзара қарым-қатынастары мен татар, башқұрт, тәжік, түрікмен, өзбек халықтарының тарихына арналған. Г. – «Киев Русі» (1939) аталатын күрделі еңбектің авторы. Оның А.Ю.Якубовскиймен бірігіп жазған «Алтын Орда» (1937), кейіннен толықтырылған «Алтын Орда және оның құлауы» (1950) атты еңбектерінде Алтын Орда мен Русь арасындағы саяси қарым-қатынас, Шыңғыс хан ұрпақтарының жаулап алған жерлерде жүргізген басқару жүйесі, әскери тактикасы туралы маңызды деректер келтірілген, Г., әсіресе, Батудың жорықтарына көбірек көңіл бөледі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Wiki


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Греков Борис Дмитриевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}