Гракх Бабеф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Философ Гракх Бабеф (Үлгі:Lang-fr; нағыз аты — Франсуа Ноэль Бабёф, Үлгі:Lang-fr; 23 қараша 1760, Сен-Кантен — 27 мамыр 1797, Вандом) — француз революционері, утопияшыл коммунист, ғылыми коммунизмнің алғашқы өкілдерінің бірі.

1785–87 жылдары феодалдық жер меншігіне батыл қарсы шығып, «коллективтік фермалар» құруды ұсынды, қоғамды қайта құру жоспарын жақтаған тұлға. 1787 жылы «Тұрақты қадастрдың» жобасын жасады. Онда бірыңғай салық жүйесін енгізуді ұсынды. 1789–92 жылы Сомма, Уаза, Эна департаменттеріндегі шаруалардың революциялық қозғалыстарына белсене қатысты. 1790 жылы қосымша салық төлеуден бас тарту қозғалысын ұйымдастырғаны үшін абақтыға жабылды. Одан шыққанннан кейін, 1791 жылы елде республика орнатуды қолдады.

Абақтыда Бабеф «теңдік үшін» атты коммунистік қозғалыстың негізін құрды. 1795 жылы 18 қазанда абақтыдан шықаннан кейін өз газетін қайта шығара бастады да, Директорияға қарсы шықты. 1796 жылы «Көтерілісшілердің құпия директориясын» құрды. Олар қарулы көтеріліс әзірледі. 1796 жылы 10 мамырда ұйым басшылары қамауға алынды. 1797 жылы 27 мамырда Бабеф дарға асылды.<ref>Французский ежегодник, 1960, Москва, 1961.</ref>

Шығармалары

  1. Correspondance de Babeuf avec l’Academie d’Arras (17851788). — P. 1961.
  2. Pages choisies de Babeuf recueillies… par. М. Dommanget. — P. 1935.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер