Градирня

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Moscow TETs-21 cooling towers.jpg
Мәскеудегі гиперболоидты градирня

Градирня (Үлгі:Lang-de — тұз қышқылын қоюлату) — су салқындатқыш құрылғы. Бумен жұмыс істейтін машиналар конденсаторынан шыққан ыстық суды салқындатып, қайта пайдалану үшін қолданылады. Конденсатордан шыққан ыстық су құбырмен құрылғының жоғарғы бөлігіне беріледі де, одан төмен қарай тамшылайды. Сөйтіп, ауада булану арқылы салқындайды. Градирня мұнаралы да, мұнарасыз да болады. Мұнарасыз (әуізді) градирняда ыстық су сорғымен шашыратылып суытылатын болғандықтан, орынды көп алады. Өндірісте мұнаралы градирня жиі пайдаланылады. Жұмыс өнімділігі 12000 м3/сағ. Градирня мұнарасы ағаштан жасалады (биіктігі 90 м-ге жетеді).<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub