Грааф көпіршігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Грааф көпіршігі (Граафов пузырек) — аналық жыныс безі — жұмыртқалықтағы жарылуға дайын, пісіп жетілген көпіршікті фолликул (Ренье де Граафтың атымен аталған). Грааф көпіршігінің қабырғасы — ішінен сыртына қарай төрт қабаттан тұрады. Олар: фолликулалы қабат, шыны тәрізді (негіздік) жарғақ, тамырлы және талшықты (фиброзды) қабаттар. Көпіршіктің сыртқы екі қабаты бірігіп, Грааф көпіршігінің дәнекерұлпалық қабығы немесе текасы деп аталады. Көпіршіктің ішкі фолликулалы қабаты жұмыртқа жасушасын қоректендіретін, тіреюгік фолликулалы эпителий жасушаларынан тұрады. Бұның ішкі көпіршік қуысы бетіндегі төмпегінде, жетілу сатысындағы жұмыртқа жасушасы орналасады. Көпіршік қуысында құрамында ұрғашы жануарларды күйітке келтіретін, эстроген гормоны бар фолликулалы сұйық болады. Грааф көпіршігінің жарылып, жұмыртқа жасушасының фолликулалы сұйықпен бірге жатыр түтігі құйғышына құйылу процесін овуляция деп атайды. Жануарлардың күйітке келуі мен овуляция процесі бір мезгілде тұстас журеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Грааф көпіршігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}